# Қартай

читать 2 мин.
0 39

Еркек деген - қыдырады ерік бер, Еркек деген қартаймайтын көрікті ел. Еркектерді мейлі сен-ақ жаманда, Еркек деген, еркек деген ерікті ел... Еркек кейде долданады жұлқынып, Байқалады өн бойынан мың қылық... Еркек деген күтінбейді ешқашан, Еркек бітпес табиғат қой құндылық... Еркек xалқы бола бермес келбетті Құшақтап-ақ ұйықтай салар шөлмекті... Еркек саған ашуланса құрбым-ау, Үндемей-ақ жеңіле сал нең кетті?! Еркек - арқан, келмейді оны күрмеуге Хақыңда жоқ, жамандауға міндеуге... Еркектерге еркелей біл, тыңдай біл, Еркек деген нәзік жұрт қой білгенге... Еркек деген сұлулыққа құмар жан... Әйел xалқы соны естен шығарман... Еркектерсіз шәй де ішпе ұйықтама, Еркектерсіз бақыт деген - құр арман... Еркектерді тұсаулама бос жібер, Желіп жүріп сонда ғана ес кірер. Абыройың айға жетіп тұрсада, Төмен түсте еркектерге көшті бер... Бар жиғанын аямайтын сенен еш, Еркектерге ештеңеде тең емес... Еркектерді мақта, мейлі жаманда, Еркектерді еркек қылған сен емес... Еркек сенің аспандағы ай күнің Еркек сенің қара жаяу байлығың. Біліп алғын еркектерсіз күнің жоқ, Еркек сенің қорғап қалар айбының...

Перепост
Прочитать полностью